Атырауда вирус жұқтырғандар саны 16 адамға жетті

Атыраулық дәрігерлер тағы үш жергілікті тұрғыннан COVID-19 індетін тапты.

1 сәуір, 2020 жыл. Атыраулық дәрігерлер тағы үш жергілікті тұрғыннан COVID-19 індетін тапты. Қауіпті дертке шалдыққандардың жеке тұлғалары анықталды, олар қазіргі таңда инфекциялық стационарға оқшауланған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысында қауіпті дертті жұқтырудың 14, 15 және 16-шы жағдайы тіркелді. Олардың 20 жасар жігіт, 37 жастағы ер адам және 28 жастағы әйел екені айқындалды. Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарда оқшауланған, олармен байланыста болғандар анықталып, байланысушыларды карантиндік стационарға оқшаулау шаралары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарда – 16 емделуші, провизорлық стационарда – 39, карантинде 116 адам бар.

Atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз