Атырауда вакцина алуда құқық қорғау органдарының қызметкерлері көш бастап тұр

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте белгілі болды

Сovid-19-ға қарсы вакцина алған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің саны 167%-ға жетті, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев мәлімдеді.

Медицина қызметкерлері арасында көрсеткіш – 104%, мемлекеттік қызметшілер – 115% , полиция қызметкерлері– 91% , педагогтар арасында – 78%. Ең төменгі көрсетікішті студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар құрап отыр, – деді Қайсар Абдалиев.

23 шілдедегі мәлімет бойынша, өңірде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның I компонентімен 132 904, II компонентімен 79 066 адам егілді.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Референдум

referendum-banner-1

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика