Атырауда университет базасында республикалық физика-математика мектебінің филиалы ашылады

Атырауда университет базасында республикалық физика-математика мектебінің филиалы ашылды

С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті «Мектеп-ЖОО» ынтымақтастығы аясында Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебімен меморандумға отырды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«С.Өтебаев атындағы АтМГУ» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова мен РФММ КеАҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Алмаз Күнғожин алдағы уақытта университет пен мектеп іске асыратын бірлескен жобаларды талқылады.

Соның нәтижесінде Атырауда Республикалық физика-математика мектебінің филиалы ашылатын болды. Бұл қадам студенттер мен оқушылардың білім беру және ғылыми мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ қолайлы білім беру ортасын құруға бағытталып отыр.

“Оқу орындарының интеграциясы білім беру кластерлерінің қалыптасуына негіз жасайды, онда білім беру мекемелері аймақта сапалы және жан-жақты білім беруді қамтамасыз ету үшін күш-жігерін шоғырландырады. Сонымен қатар. оқытудың инновациялық әдістері бойынша тәжірибе алмасу, оқу үдерісін жетілдіріп, ғылыми зерттеу жұмыстарын қолға алу, зияткерлік элитаны қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізу секілді басқа да маңызды міндеттер бар.

РФММ – Қазақстанның барлық өңірінен дарынды балаларды іріктеп, одан әрі дамыту, адами капиталды жетілдіру бойынша жұмыс істейтін еліміздегі алдыңғы қатарлы білім ордасы. Білім беру кеңістігіндегі «Мектеп-ЖОО”ынтымақтастығы қазіргі заманғы инновациялық оқу орындарының алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді”,- делінген жазбада.

 

   

    0

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521