Атырауда Токио олимпиадасынан жеңіспен оралған спортшыларға пәтерлер мен автокөліктер табысталды

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Жапония елінің Токио қаласында өткен 16-шы жазғы паралимпиадаға қатысқан жерлестерімізді марапаттады»,-деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ел абыройын асқақтатқан жүлдегерлерлердің әрқайсысына екі бөлмелі пәтер мен автокөлік кілті табысталды. Сондай-ақ, Парадзюдодан Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы Жандос Қияновқа 4 миллион теңге, өзге де аталған додаға қатысушыларға 1 миллион теңгелік сертификаттар табысталды.
Жерлестеріміз елге оралғанда облыс әкімдігі бұған дейін де әр спортшыға 1 миллион теңгенің сияпатын жасаған болатын.

Ел құрамасы сапындағы 8 атыраулық спортшының 3-уі ел қоржынына күміс жүлде салған еді.

Олар парадзюдошылар: Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина. Ал, Аманжол Жанбота осы спорт түрінен 5-орынды, Нұрлан Домбаев паратаеквондодан 5-орынды, Ержан Сәлімгереев паражүзуден 6-орынды иеленді.

«Сіздер Қазақстанның параспорты дамуының жаңа дәуірі басталғанын көрсеттіңіздер.
Бұл – қажырлы еңбек пен биік намыстың, өршіл руһтың жеңісі.
Ержан Сәлімгерев пен Нұрлан Домбаевтың алғашқы қатысқан паралимпиадасынан 5-6-шы орын алуының өзі — айтулы жетістік!
Әрбір атыраулық параспортшы алтын медальге лайық өнер көрсетті. Сіздердің әрқайсыңыз жеңімпазсыздар!" деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Парадзюдодан Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы Жандос Қиянов Токио төрінде спортшыларымыздың лайықтықты өнер көрсеткенін атап өтті.

Ал, ел қоржынына алғашқы күміс медаль сыйлаған парадзюдошымыз Әнуар Сариев жеңістің оңайға түспегенін айтты.
«Алған медалімді Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арнаймын. Бізге қолдау білдірген әрбіріңізге алғыс айтамын»,-деді жүлдегер.

c9fa5d17-bbd8-477d-8e42-1a509d2f8296

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT