Атырауда «ССС» компаниясы жағдайы төмен 40 жанұяға жәрдем берді

15 қазан Еркінқала селосының мәдениет үйі алдында Дүниежүзілік азық-түлік күніне орай, Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг Прокьюрмент С.А.Л. – Офшор (әрі қарай – ССЕР) компаниясының еріктілер тобы Атырау қаласы Еркінқала селолық округіндегі күнелтісі төмен отбасыларымен кездесті.

Кездесу барысында тұрғындарды Еркінқала округі әкімі Мұхтар Құмарғалиев жинап, округке ССС компаниясы жиі – жиі келіп,  округ тұрғындарының аз қамтылған отбасыларына, мүгедектерге мүмкіндігінше көмегін көрсетіп келеді.

Бүгінде 40 жанұяға жаңа сойылған қой етін әкеліп таратқалы отыр. Баршаларыңызды және осындай ізгі ниетпен келіп отырған компания қонақтарына алғысын білдірді.

Содан соң компанияның атқарушы директоры Орақ Бисембиев барша тұрғындарды Дүниежүзілік азық-түлік күнімен құтықтады:

-Еркінқала қала іргесінде орналасқан ірі округтерінің бірі, халқының саны да әлеуметтік инфрақұрылымы да тез дамып келетін жатқанын көруге болады. Кеше ғана село ортасында үлкен мешіт ашылғанын естіп отырмыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, өсіп өркендей беріңіздер, – деді.

Сөз алған компанияның таңы бірі өкілі араб азаматы Юсеф Канапиде Дүниежүзілік азық-түлік күнімен құтықтап, тұрғындарға деген жақсы тілегін жеткізді. 

Компания еріктілері, жиналғандарға округ әкімі анықтаған 40 аз қамтылған отбасы иелеріне 4-5 кг  кг шамасында жаңа сойылған қой етін таратты.

Соңынан, округ тұрғындары атынан сөз алған Жумабек Казбек осы шараны ұйымдастырып жатырған округ әкіміне және ССС компаниясының басшыларына, еріктілер тобына алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521