Атырауда шаруагерлерге берілетін несие ұлғайды

"Бұл туралы "Тәуелсіз Қазақстан: жасампаздыққа толы жылдар атты дөңгелек үстелде белгілі болды" деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

2013 жылы Атырау облыстық әкімдігі жергілікті кәсіпкерлерді қолдау бағытында 7 пайызбен несие беру үшін арнайы қаржыландыруды қолға алды. Содан бері, облыс кәсіпкерлеріне жылма-жыл тұрақты түрде 500-700 млн теңге несие беріліп келеді.

"Атап өтерлігі, қор ашылғаннан бері несиеге жүздеген көлік жөндеу цехы, пластикалық бұйымдар жасау, тігін цехтары қаржыландырылып, шалғай ауылдардың тұрғындары қажетті қызмет түрлерін алысқа ұзамай өз ауылынан ала алып отыр.
Жеңілдікті несие қаражатына жүздеген кондитерлік цехтар, кулинария, тұшпара цехтары ашылып, кәсіпкерлер өз ауылдастарын отандық өніммен қамтуда .

Осынау аралықта жеке кәсіпкерліктерге, шаруа қожалықтарына және фермерлік шаруашылықтарға бағытталған несиенің мерзімі ұзартылды, ірі қара, қой және түйе шаруашылығын дамытуға берілетін несие мерзімі 10 жылға дейін ұзартылды." дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" директоры Гүлзада Шалағұлова.
Атырау қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров бүгінгі күнде елімізде 4 млн-ға жуық 14-29 жас аралығында жастар бар екендігін айтты.
"Президент "Тәуелсіздік ұрпақтары" жобасын жасақтауды тапсырды. Атыраулық жастар аталмыш жобаның
Қазақстан мәдениетінің әлемге таныла түсетіндей деңгейде жасақталуына атсалысады" деді спикер.


Еске сала кетейік, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасында өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова арнайы қатысып, Тәуелсіздікті тұғырлы ету жолындағы басты міндеттер туралы айтты.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Референдум

referendum-banner-1

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика