Атырауда сайлау жөнінде ақпарат беретін Call-орталық іске қосылды

«Telegram» әлеуметтік желісінде @SailauAtyrauBot телеграм-бот қызметі іске қосылды.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!

Атырау облысы әкімдігі 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы науқаны кезеңінде Атырау қаласы және аудандар әкімдіктері жанынан Call-орталықтардың ұйымдастырылғанын хабарлайды.

Call-орталықтарына хабарласып, келесідей қызметтер алуға болады:

1. Сайлау учаскесінің мекен-жайын анықтау;

2. ЖСН беру арқылы Сіз қай сайлау учаскесінде тіркелгендігі жөнінде ақпарат алу және т.б.

Call-орталықтың жұмыс регламенті: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін)

Сонымен қатар, «Telegram» әлеуметтік желісінде @SailauAtyrauBot телеграм-бот қызметі іске қосылды. Осы сілтемеге ЖСН нөмірін жіберу арқылы қай сайлау учаскесіне тіркелгендігіңіз жөнінде ақпарат ала аласыздар.

19112020

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521