Атырауда құс тұмауына қарсы 6291 доза вакцина бөлінді

Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Мырзабек Дүйсенов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі таңда Атырау қаласындағы 7 ауылдық округтің, 4 округіндегі үй құстары түгелдей егілді. Қалған үш округтегі үй құстарын осы жылдың 5 шілдесіне дейін егу жоспарлануда.
-Атырау облысы Каспий теңізінде орналасқан Қашаған кен орынының «Норт Каспиан Оперетейнг Компани Н.Б.» компаниясына қарасты DS-04 және DS-01 екі жасанды аралында шағала құстарынан құс тұмауы ауруы анықталған болатын. Осыған байланысты Атырау қаласы аумағында орналасқан 1200 қаз бен 5091 тауыққа құс тұмауы ауруына қарсы егу үшін ветеринариялық препараттардың республикалық қорынан 6291 доза вакцина бөлінді. 1-шілдеден басталған екпе жұмыстарын Республикалық эпизоотияға қарсы отряды РММ Атырау филиалының және көршілес Батыс Қазақстан облысынан 12 адамнан жасақталған 4 бригада атқаруда, деді М.Дүйсенов.
Екпе жұмысы республикалық бюджеттен қаралған қаржы арқылы жүзеге асады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда 2382 құсқа екпе жұмыстары жүргізілді.

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

2

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика