АТЫРАУДА ОРТА ҒАСЫРДА САЛЫНҒАН ҮЙ ОРЫНДАРЫ МЕН БІРҚАТАР ЖӘДІГЕРЛЕР ТАБЫЛДЫ

Атырау облысында Сарайшық қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде орта ғасырда салынған үйлердің қабырғалары мен басқа да құнды жәдігерлер табылды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау облыстық өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Ерлан Тілекқабыловтың айтуынша, қазба жұмыстары 4 қыркүйекте басталған.

«Археологиялық қазба жұмыстары барысында орта ғасырлық үйлердің қабырғалары, тандыр пеш орындары, қыш ыдыс түрлері, сүйек бұйымдар, орта ғасырлық монеталар табылды. Бүгінгі күнге дейін 800 шаршы метрге жуық алаңда қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Экспедиция құрамында облыстық өлкетану музейі қызметкерлерімен қатар, жұмыссыз ретінде тіркелген ауыл тұрғындары да бар. Барлығы - 30 адам. Алдағы уақытта олардың қатары артады. Әзірге табылған жәдігерлрге ғылыми қорытынды жасалған жоқ», - деді Е.Тілекқабылов.

Айта кетейік, Атырау облысы әкімі С.Шәпкеновтың төрағалығымен 11 тамызда өткен «Сарайшық музей қорығының даму жоспары мен ортағасырлық Сарайшық қалашығының мәселелері» тақырыбындағы жиынның хаттамасына сәйкес, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне ортағасырлық Сарайшық қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылған еді.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521