Атырауда онкология диспансерінің орнына заманауи медициналық орталық салынады

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысы бойынша бас жобалаушы "KazPIR" ЖШС тамыз айында мемлекеттік сараптамадан өтуге жіберілетін жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) дайындады.

Жайық өзенінің жағасындағы «Авангард-3» ықшам ауданындағы қазіргі үш қабатты ғимарат бір қабатты жапсаржайымен бірге толығымен бұзылып, орнына төрт негізгі блок - екі алты қабатты ғимарат, екі қабатты және бір қабатты ғимараттарды қамтитын алты қабатты онкология диспансері салынады. Жобалық құжаттамаға сәйкес, мысалы, алты қабатты блоктардың бірінде:

- бірінші қабатта қабылдау бөлімшесі, келушілерді қабылдауға және пациенттерді шығаруға арналған үй-жайлар, 15 орындық паллиативтік бөлімше қарастырылған.

- екінші қабатта 34 орындық химиотерапия бөлімшесі орналасады,

- үшінші қабатта 36 орындық химиотерапия бөлімшесі,

- төртінші қабатта 40 орынға арналған радиология бөлімшесі,

- бесінші қабатта 45 орындық хирургия бөлімшесі,

- алтыншы қабатта алты орындық реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі, сондай-ақ он орындық оңалту бөлімшесі бар.

Сондай-ақ, жобаланған онкология орталығында емхана, бірнеше зертхана, операциялық блок, сәулелік диагностика бөлімшесі және 40 орындық күндізгі стационар қарастырылған. Сонымен қатар, ғимараттардың бірінде 50 орындық кафе ашу жоспарланып отыр. Жобада халықтың мобильділігі төмен топтарының емдеу кешеніне баруына кедергісіз орта ұйымдастыру үшін тактильді плиткалар мен пандустарды орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT