Атырауда оқушыларға сабақ қалай өтетіні туралы түсінік берілді

Білім беру қызметкерлері ата-аналардың өтініші бойынша оқушылардың асинхронды, яғни, қашықтықтан оқу мүмкіндігі барын растады, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева мәлімдеді. Оның айтуынша, ата-аналар оқушыны штаттық оқытудан бас тартқан жағдайда оқушыға мектепте БЖБ және ТЖБ тапсыра отырып , үй жағдайында өз бетінше оқыту ұсынылады.

"Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 31 тамыздағы бұйрығына сәйкес, білім алушылардың ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдерінің өтініші негізінде үй жағдайында қашықтықтан (өз бетінше) оқытуға жол беріледі. Бұл процесс өтініш негізінде мектеп директорының бұйрығымен рәсімделеді. Алайда, БЖБ және ТЖБ нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда оқушылар оқуды штаттық режимде жалғастырады. Оқу процесін қашықтықтан ұйымдастыру үшін жалпы білім беретін мектептер Bilim Land интернет-платформаларымен шарт жасасты және online mektep ресурсымен жұмыс істейді", - деп атап өтті спикер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521