Атырауда қоғамдық бірлестік өкілдері сайлаудың қалай өтіп жатқанын айтты

Біздің негізгі мақсатымыз - сайлаудың заңды, әділ өтуін қадағалау.

«Партиялық емес байқау орталығы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы жетекшісі Дәурен Сейітқалиев журналистерге берген арнайы сұхбатында сайлау учаскелерінде заңсыздық тіркелмегінін айтты, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша 36 сайлау учаскесі бар. Оларда 150-ге жуық байқаушы жұмыс атқаруда. Олар - таңертеңгі сағат 6.00-дан бастап, сайлау учаскелерінде. Заң бұзушылық байқалған жоқ. Санитарлық нормаларға сәйкес жұмыстар жүруде» деген ол округ тұрғындарының саяси науқанға қатынасу белсенділігі жоғары екенін атап өтті.

«Біздің негізгі мақсатымыз - сайлаудың заңды, әділ өтуін қадағалау. Тұрғындар да жоғары қызығушылық танытып, белсенді қатынасуда. Ауыл әкімін сайлауға әр тұрғынның арнайы келіп, өз таңдауын жасауы – өңірдің өркендеуіне қосқан үлесі» - деді Дәурен Нұхұлы.

Айта кетейік, бүгін бүкіл Қазақстан бойынша оның ішінде Атырау облысында,аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау басталды. Біздің облыста бүгін 6 ауданда және Атырау қаласында 18 ауылдық округ әкімдері сайланады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521