АТЫРАУДА НАН МЕН ҰН БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ken-zhyloi.kz

«Аталған келісімге сәйкес, облыс бойынша ұн тарту операторы болып танылған компанияға биыл 16 000 тонна бидай өнімі жеңілдетілген бағамен алынады»,-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

⠀ Атырау өңірінде нан бағасын тұрақтандыру үшін Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев пен "Карат" ЖШС директоры Олжас Сисекенов екі жақты меморандумға қол қойды. Сол арқылы "Даулет Нан" сауда желілеріндегі 1 сұрыпты нан және ұн бағасы тұрақтандырылады. Сонымен қатар, Атырау қаласындағы өзге де наубайханаларға Желаев нан өнімдері комбинатынан қолжетімді бағамен ұн сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

⠀ Құжатқа ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы және Атырау облысы әкімдігі арасында жасалған келісім-шарт негізінде қол қойылған. Осы үш жақты меморандум аясында облыс бойынша ұн тарту мекемесі "Карат" ЖШС оператор болып танылған. Осы құжатқа сай, биыл 16000 тонна бидай өнімі осы кәсіпорынға жеңілдетілген бағамен алынады.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз