Атырауда мұнай-газ саласының қызметкерлері дауыс беруде

Референдум учаскесіне келіп, таңдау жасаған атыраулықтардың бірі – «Ембімұнайгаз» АҚ департамент директоры Бекет Губайдуллин. Ол дауысын APEC PetroTechnic колледжінде орналасқан №90 учаскеде берді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Референдумға қатысу әр қазақстандықтың борышы деп санаймын. Бұл біздің болашағымыз бен ұрпағымыз үшін маңызды. Мекемеде 5 мың адам жұмыс істейді, қазір ауысымдық әдіспен 1664 адам өндіріс басында қызметте жүр. Олардың дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, 1700-ге жуық мердігер мекеме өкіліне де мүмкіндік қарастырдық, - деді Б. Губайдуллин.

№90 сайлау учаскесіне 2297 адам тіркелген, оның жетеуі үйінен дауыс береді. Қазір мұндағы процессті 3 бақылаушы қадағалап отыр. Сайлау комиссиясы атынан алғаш болып дауыс берген азаматқа сыйлық табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT