Атырауда мұнай-газ саласына арналған оқу-өндірістік полигонының іргетасы қаланды

Салтанатты рәсімге қала әкімі Шәкір Кейкін мен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ұжымы қатысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Полигонда жер қойнауын барлаудан бастап мұнай өнімдерін өңдеуге дейінгі барлық өндірістік жұмыс атқарылады. Мұнда озық үлгідегі зертханалар, оқу-өндірістік алаңдар, тәжірибе жасауға арналған қондырғылар мен инновациялық шешімдерді тестілеу алаңдары қарастырылған.

- Соңғы үш жарым жыл бойы біз аянбай еңбек етіп, оқу-өндірістік полигон құруды мақсат еттік. Бүгінде осы мақсаттың алғашқы кезеңіне куә болып отырмыз. Бұл уақыт капсуласы біздің келешекке қалдырған аманатымыз, студенттердің болашақ буыны үшін жаңашылдыққа ұмтылуымыздың символы, - деді С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова.

Оқу полигоны келесі оқу жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде. Айта кетейік, құрылыс жұмыстары «Ембімұнайгаз» компаниясының қолдауымен жүзеге асады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT