Атырауда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі болды

Мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекет қаражаты есебінен 8 арнайы жұмыс орындарын құру жоспарланып, бюджеттен 7,1 млн.теңге және мүгедектігі бар адамдардың жалақысын ішінара субсидиялауға 2,3 млн.теңге қарастырылды.

Бұл шаралар кресло-арбамен жүріп-тұратын, есту және көру қабілетінен айырылған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жарықтандыру үшін құрал-жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға кеткен шығындарды өтеу мақсатында беріледі. Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысы ай сайын субсидияланады.

Ағымдағы жылы 8 мүгедектігі бар адамның жұмыс орындары арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жұмысқа орналасты; Мүгедектігі бар адамдар мен пробация есебінде және жазасын өтеу орындарынан босап шыққан адамдар үшін квота белгіленіп, мекемелер тізбесі бекітілді.

Жыл бойы жұмысқа қабілетті мүгедектігі бар 1 182 адам хабарласып, оның 1 019-ына (86,2%)әлеуметтік қолдау түрлері көрсетілді.

- тұрақты жұмысқа орналасқаны – 273 адам (оның ішінде квотамен 77 адам орналасты);

- ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені – 328 адам;

- әлеуметтік жұмыс орнына – 17 адам;

- жастар тәжірибесіне 35 жас түлек жіберілді;

- «Алғашқы жұмыс орыны» жобасына 7 адам жіберілді;

- «Күміс жас» жобасы шеңберінде 50-ден асқан 18 адам жұмысқа орналасты;

- Бастау-Бизнес жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 289 мүгедектігі бар адамдар жолданды;

- 4 адам ТШО арқылы оқу курстарына жолданды;

- 41 мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік грант алды (400 АЕК);

- 7 мүгедектігі бар адам арнайы жұмыс орындарына орналастырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521