Атырау қаласындағы N-64 референдум учаскесінде жалпы саны 2107 дауыс беруші тіркелген. Оның ішінде 20 мүмкіндігі шектеулі адам өтініш беріп үлгерді. Сағат 18:00 дегі мәлімет бойынша 1000- ға жуық адам өз дауысын беріп үлгерген.
Сонымен қатар дауыс беру үшін қалаішілік “Мерейлі отбасы” байқауының жеңімпаздары да өз дауысын берді.
“Біз де азаматтық борышымызды өтеу үшін келдік. Еліміздің болашағы біз үшін өте маңызды” -дейді Қуанбаевтар әулетінің отанасы Шолпан Дүйсенғалиева.