Атырауда медициналық мекемелер кәсіпкерге 900 млн теңгеден астам қаражат төлемеген

Мониторинг жүргізу барысында Департаментпен Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының Атырау облыстық №2 ауруханасы мен Құрманғазы аудандық ауруханасы 64 кәсіпкерлік субъектісіне мемлекеттік сатып алу бойынша көрсетілген қызметтер мен тауарларды жеткізгені үшін 900 млн теңгеден астам ақшалай қаражатты төлемеу фактілері анықталды.

Департамент өз кезегінде мән-жайларды анықтау мақсатында аталған медициналық мекемелерге тиісті хат жолдады. Бүгінгі таңда медициналық мекемелер 13 кәсіпкерлік субъектісіне 54,6 млн. теңге көлемінде қаражат төледі.

Бұрын мекеме азық-түлік жеткізілімі үшін, сондай-ақ климаттық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету үшін ақша аударудан бас тартқан, бірақ Департамент араласқаннан кейін кәсіпкердің өтініші толығымен қанағаттандырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз