Атырау облысында Машина жасаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға аймақтың ірі өндіріс орындарының өкілдері, еңбек ардагерлері мен жас мамандар қатысты.
Жиын барысында машина жасау саласында абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Марапаттарды Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев табыстады.