АТЫРАУДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ

Ал жеңіске үлес қосқан тыл еңбеккерлері — 45 адам 100 000 теңгеден біржолғы ақшалай көмек алды.

«Атырауда Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне миллион теңгеден қаржылай көмек берілді»,-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, аталған мереке қарсаңында барлығы екі мыңдай адам қолдау алды. Атап айтқанда, Атырау қаласында тұратын Ұлы Отан соғысына қатысқан 2 адамға 1 000 000 теңгеден қаржылай көмек берілді. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагер тұтқыны санатына жататын бір адамға 1 000 000 теңге қолдау көрсетілді.

Ал жеңіске үлес қосқан тыл еңбеккерлері — 45 адам 100 000 теңгеден біржолғы ақшалай көмек алды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жұмыс жасаған алайда наградталмаған тыл еңбеккерлері яғни жеңіске үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің тағы бір тобына 1874 адамға – 30 000 теңгеден қаржылай көмек берілді.

Сонымен қатар, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бұның сыртында облыста әлеуметтік қорғалатын санатқа жататын 372 адамға 100 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем берілгенін хабарлады.

Атап айтқанда, еліміздің «Ардагерлер туралы» заңына сәйкес, Ұлы Отан және Ауған соғысы қатысушылары, Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар тәрізді Тәжік-ауған (315 адам) аумағындағы соғыс қимылдарының, Ирактағы (5 адам) халықаралық бітімгершілік операцияларға, Таулы-Карабахтағы (52 адам) этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан адамдар да әлеуметтік қорғалатын санаттар қатарына жатқызылды.

Осыған орай, оларға ай сайын коммуналдық шығындарды өтеу және атаулы даталарда 100 000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521