Атырауда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

Атырауда әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Мерекелік жиында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жұмыссыз азаматтарға қызмет көрсетіп, халық игілігіне аянбай еңбек етіп жүрген әлеуметтік сала мамандарына ерекше құрмет көрсетілді.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы сахнаға көтеріліп, әлеуметтік қорғау жүйесінде ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп келе жатқан бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында сіңірген еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен Өтеғалиева Балдай марапатталды. Марапат иесі өз сөзінде әріптестеріне жылы лебізін білдіріп, әлеуметтік салада еңбек ету – үлкен жүрек пен мейірімге толы іс екенін атап өтті. Ол ұжымдас әріптестеріне табыс, отбасыларына амандық және ел игілігі жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

Жиын соңында қатысушыларға жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылып, әлеуметтік сала қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі мен еңбегінің маңыздылығы атап өтілді.

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT