Атырауда КВИ-дан қайтыс болғандарды жерлейтін арнайы орын белгіленді

Аталған шешімге жергілікті дін қызметкерлерінің де пəтуалары алынды.

Құрметті Атырау облысының тұрғындары!

Коронавирус (Covid-19) инфекциясы салдарынын көз жұмған тұрғындарды жерлеу үшін Атырау қаласы, Жұмыскер шағын ауданындағы «Мұқаш» бейітінің далалық жағына қараған тұсынан мұсылман және христиан бейіті ретінде арнайы орын бөлінді.

Санитарлық алгоритм нормаларына сай, марқұмның мүрдесі туыстарына берілмейді және белгіленген аумақта жерленетін болады. Десе де, жерлеу рəсіміне марқұмның ет жақын туыстары санитарлық талаптарды сақтау арқылы қатыса алады.

Жерлеу рəсімі кезінде марқұмның діни ұстанымы және салт-дәстүрлері ескерілетінін, сондай-ақ, бөлінген жер қоршаумен екіге бөлініп, алдағы уақытта мұсылман және христиан бейіті болып екі бөлек қорым ретінде қалатынын қаперге береміз.

Аталған шешімге жергілікті дін қызметкерлерінің де пəтуалары алынды. Сондықтан, барлық жерлеу рәсімдері марқұмның ұлтына, діни нанымына сәйкес орындалатынын ескертеміз.

Сонымен қатар, марқұм жерленгеннен кейін арада 15-20 күн өткен соң бейіт тұрғызуға немесе зираттың басына баруға болатынын да атап өткіміз келеді. Елімізде орын алып жатқан келеңсіз жағдайларды ескере отырып, қабылданған шараларға түсіністікпен қарайтыныңызға сенеміз.

Құрметпен,

Атырау облысы Дiн iстерi басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз