Мұнайлы астанада Конституция күні қарсаңында облыс орталығының қонақтары мен тұрғындары үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ауқымды реконструкциялық жөндеуден өткен орталық алаң 29 тамыз күні, сағат 20.30-да салтанатты түрде ашылады. Концерттік бағдарламаға Д.Нұрпейісова, Н.Жантөрин және Құрманғазы атындағы мәдени ошақтардан академиялық оркестр ұжымдары қатысады. Сонымен қатар, 29 тамыз, сағат 16. 00-де Махамбет Өтемісов атындағы облыстық академиялық драма театрында, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Конституция – еліміздің тірегі» атты гала-концерті өтеді.
Шараның басты қонағы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада және опера әншісі Толқын Забирова. Келесі күні, 30 тамызда 19.00-де Ретро-саябақта «Тәуелсіздік тірегі - Ата Заңым» атты мерекелік концерт өтеді.
Бұған дейінгі іс-шаралар төменде көрсетілген кестеге сай, ауылдық округтерде және қаланың кітапханаларында ұйымдастырылады.
26 тамызда сағат 10.00-де Жаңаталап ауылында «Конституция - ол біздің бугініміз бен ертеңіміз» атты көрме-панорама;
27 тамызда сағат 11.00 - Геолог к / зінде «Ардың шыңы – Ата Заң» атты дөңгелек үстел; 2
7 тамызда сағат 15.00 - Бесікті ауылында «Ата Заң - Алаш мұрасы» поэзия кеші;
28 тамызда сағат 11.00 - №1 қалалық орталық кітапханада «Конституция - заңдылықтың кепілі» атты құқықтық сауаттылық сабағы; 28 тамызда сағат 11.00-де №2 қалалық орталық кітапханада «Ата Заңым - ардақтым» атты кітап көрмесі және «Айбарым, асқар елді асқақтатар Ата Заң» қойылымы;
29 тамыз сағат 11.00 - Еркінқала а / к-да «Конституция - азаттықтың айшықты айнасы» тақырыптық кеші;
30 тамызда 11.00 - Бірлік ауылында «Конституция - азаттықтың айшықты айнасы» атты дөңгелек үстел өтеді. Мерекелік іс-шаралар сериясын аяқтай отырып,
1 қыркүйекте сағат 18.00-де Исатай-Махамбет алаңында қазақстандық мұнайдың 120 жылдығына орай «Open air- 2019» заманауи музыка фестивалі өтетінін хабарлаймыз! Кеш қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтеді.
Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі