Атырауда коммуналдық қызметтерге қосылуға онлайн форматта өтінім қалдыруға болады

Атырауда іске қосылған «Smart city» жобасы аясында коммуналды қызметтерге қосылу үшін енді өтінімдерді қабылдау «бір терезе» арқылы жүзеге асып жатыр. Яғни, тұрғындар онлайн немесе оффлайн түрде кез келген коммуналды қызмет түрін бір жерден ала алады.

onaykyzmet.kz порталы өткен жылдың аяғында енгізіліп, осы жылдың ақпанынан бастап іске қосылды.

«Аталған порталда Атырау қаласының тұрғындары 7 табиғи монополия субьектілерінің 25 қызмет түрін пайдалана алады. Атап айтқанда: «Атыраугазинвест» ЖШС, «Қаз ТрансГаз Аймақ» АҚ, «Атырау жылу электр орталығы»АҚ, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК, «АтырауЭнергосату» ЖШС, «Спецавтобаза»ЖШС, «Транстелеком» АҚ сияқты мекемелердің қызметтерін үйден шықпай-ақ толықтай онлайн түрде onaykyzmet.kz порталы немесе Атырау қаласы, Әбілқайыр хан 52 мекенжайындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан фронт-офистің бірыңғай терезесі арқылы алады» деді Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Алмас Көпжанов.

Мұндай қызметтерді тұрғындар жаңа пәтер алғанда, баспана тұрғызғанда немесе табиғи монополия субъектілері қызметтерінің шарттарын өзгерткенде, бұзғанда пайдалана алады. Осылайша, коммуналдық шаруашылық секторының қызметтерін «бір терезе» арқылы алған азаматтар өз уақыттарын үнемдейді.

Жоба аясында коммуналдық қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, барлық қызметтерді онлайн цифрлық түрде көрсету, құжаттарды қысқа мерзімде ұсыну, өтініш күйін бақылау және құжаттардың сақтауы бойынша оң нәтижелер береді.

«Ақылды қалалар» аясында «бір терезе» қағидатымен жыл басынан бері 300-ге жуық өтінім келіп түскен. Мамандар қала тұрғындарын портал арқылы өз өтінімдерін қалдырып, жаңа жобаның қызметіне жүгінуге шақыруда.

Хұсни Хамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT