Атырауда карантин талаптарын бұзған 34 нысан анықталды

Мекемелер заңсыз түрде банкет, үйлену тойлары мен еске алуды өткізіп, маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтамаған.

- 21 наурыздан бастап бір апта бойы рейдтік іс-шаралар барысында «Аспандиар» мейрамханасында үйлену тойын өткізуге дайындық анықталды. Мониторингтік топ бұл фактіні растады, мекеме иелерімен түсіндіру сұхбаты өткізіп, іс-шараның алдын алды. Сонымен қатар, «Шәріп», «АтырауХол», «Сұлтанплаза», «Аспандиар», «Нұрай», «999» мейрамханаларында үйлену тойларын өткізу фактілері анықталды. «ПИНТА», «Чечел», «Бармаглот», «Вокзал»(2), «Лифт» мейрамханалары, үйлердегі үйлену тойының 2 фактісі анықталды. Маска режимін сақтамаған жеке тұлғалар жауапкершілікке тартылды,- деді қала әкімінің орынбасары Ерболат Омаров.

Айта кетейік, полиция қызметкерлерімен қатар әкімдік өкілдері бар мобильді топ қала мекемелеріне мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Сондай-ақ, сауда объектілерінде және қоғамдық көлікте карантиндік шаралардың бұзылуын болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз