Атырауда карантин мерзімі тағы да ұзартылды

Карантин ұзартылды

Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 104-бабын Басшылыққа ала отырып, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында, облыс аумағында жағдайлардың одан әрі тіркелуін ескере отырып, адамдардың өмірін, денсаулығын қорғау және Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясының таралуын азайту мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 31 тамыз сағат 00:00-ден 14 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Бес жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын, жеке және 5 адамнан аспайтын топтық спортпен айналысатын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, қоғамдық орындарда, қоғамдық транспортта, халыққа қызмет көрсету және демалуға арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті.

3. Атырау облысының аумағында мынадай шектеу шаралары ұзартылсын:

1) Нұр-Сұлтан қ., Алматы қаласы., Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша жолаушылар темір жол тасымалдары тоқтатылсын;

2) тұрғындар мен автокөліктер қозғалысына сағат 00.00 ден 6.00 аралығында, әкімдік, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қызметкерлерін, сондай-ақ жұмыс орнынан анықтама (немесе қызметтік куәлік) болған жағдайда облыстың, қаланың, аудандардың және үздіксіз циклдегі кәсіпорындардың тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыскерлерін қоспағанда жүруге тыйым салынсын;

3) думанды, ауқымды спорттық шаралар, көрмелер, форум, конференция, сондай - ақ, отбасылық, еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзгеде шаралардың өткізілуіне тыйым салынсын;

4) ойын-сауық орталықтарының (бильярд, компьютерлік клуб, кальян, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, кинотеатрлар және басқа да ойын-сауық мекемелерінің ) қызметіне тыйым салынсын;

5) фудкорт, банкет залдары, бар, караоке қызметінетыйымсалынсын;

6) қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің, аттракциондардың қызметіне тыйым салынсын;

7) COVID-19-ның одан әрі таралуын болдырмау үшін адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін алаңдарда, саябақтарда, скверлерде, жағалауларда уақытша шағын бөлшек саудаға, улкендер мен балалардың ойын, жылжымалы құралдарын жалға беруге тиым салынады.

4.Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысының қосымшаларында көрсетілген талаптарды қатаң сақтай отырып, Атырау облысының аумағында келесі жеңілдету шаралары қабылдансын:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, қорықтардың, резеварттар және басқалардың қызметін қайта бастауға (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдастырылған топтар үшін, кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, медициналық бетперде кию арқылы) рұқсат етілсін;

2) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қалааралық, ауданаралық және қала маңындағы жолаушылар автобус тасымалына рұқсат етілсін;

3) Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді, әлеуметтік арақашықтықты 2 метрден кем емес сақтай отырып, үзіліс кезінде үй-жайларды желдету, медициналық бетперде кию арқылы мәдени нысандардың, кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне және театрлардағы 30 адамнан аспайтын ұжымдық дайындықтарға сағат 10:00-ден 21:00- ге дейін рұқсат етілсін;

4) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, діни объектілердің қызметіне (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шараларды өткізбей, жеке режимде рұқсат етілсін;

5) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін бассейндердің қызметінжандандыру (алдын ала жазылу бойынша жеке форматта, 1 келушіге кемінде 5 шаршы метр су беті есебінен) рұқсат етілсін;

6) отыратын орындар санына сәйкес толтыру бойынша, қарбалас уақытта жүретін автобустар санының көбейтуімен, кондуктордың қатысуымен және дезинфекциялау құралдарымен өңдеумен және соңғы аялдамасында барлық есіктерді ашумен, қоғамдық көліктің жұмысын қайта бастауға рұқсат етілсін;

7) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жалпы толымдылығы сыйымдылығының 30% - нан аспайтын сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне рұқсат етілсін;

8) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда 15 баладан аспайтын кезекші топтарын ұйымдастыра отырып мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне рұқсат етілсін;

9) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 5 адамнан аспайтын тобы бар балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін;

10) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша бірадамға кемінде 4 ш. м. есебіненСПА-орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтеркөрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр және педикюр қызметтеріне рұқсат етілсін;

11) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша, бактерицидтті лампалар болған жағдайында бірадамға кемінде 5 ш. м. есебінен толтырылатын жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін;

12) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір адамға 4 ш. м. дейін қоғамдық моншалар, сауналар қызметіне сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін рұқсат етілсін;

13) жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жалпы сыйымдылығының 30% - нан аспайтын толымдылығы кезінде күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат етілсін;

14) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілсін. Сонымен бірге қызметкерлердің кемінде 80% -ы (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмыс режимі сақталсын;

15) меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдардың қызметіне алдын-ала тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимнің, аймақтарға бөлу талаптарын сақтай отырып рұқсат берілсін;

16) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, тұрғын үй қызметтерін (қонақ үйлер) ұсыну саласындағы объектілердің қызметіне рұқсат берілсін;

17) бір мезгілде жабық ғимараттарда 30 адамнан аспайтын, ашық алаңдарда 50 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда бір үстелге 4 адамнан аспайтын адам санына отыруға рұқсат етіп, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне сағат 08:00-дан 23:00-ге дейін рұқсат берілсін;

18) күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, үздіксіз өндірістік циклдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне, ашық ауада қызмет көрсететін құрылыс жұмыстарына, ауылшаруашылығы, балық және мал шаруашылығы жұмыстарына рұқсат берілсін;

19) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, автомобиль жуу, автомобиль жөндеу, шиномонтаж жұмыстарына және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету қызметіне рұқсат берілсін;

20) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бизнес орталықтардың (адвокат, нотариус, бухгалтерлік және кеңес беру қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және басқалар) қызметіне рұқсат берілсін;

21) ХҚКО (оның ішінде мамандандырылған ХҚКО) жұмысын портал арқылы алдын ала брондау бойынша ұйымдастыруға рұқсат берілсін Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBBot 2.0 жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, CaII орталықтарының жұмысы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, мамандандырылған ХҚКО демалыс күндері сенбі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, жексенбі күні сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін, күшейтілген дезинфекциялық-жинау режимін сақтай отырып жұмысына рұқсат берілсін;

22) күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, «Қазпочта» АҚ жұмысын сағат 9.00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етілсін және онлайн режимінде максималды қызметтер ұсыну жұмысы ұйымдастырылсын;

23) алаңдарға, саябақтарға, скверлерге, жағалауларға бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспай топтасып жүруге рұқсат берілсін;

24) ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (5 адамнан аспайтын), ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан аспайтын, байланыссыз термометрияны пайдалана отырып, спорт базаларында тұрғанда) рұқсат етілсін);

25) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес, қаржы нарығы субъектілерінің, екінші деңгейлі банктердің қызметіне шектеулі жұмыс уақытымен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін рұқсат берілсін;

26) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, дәріханалардың қызметіне рұқсат берілсін;

27) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қала сыртындағы демалыс базаларының жұмысына рұқсат берілсін;

28) отырғызу орындарының жалпы санынан 50% - дан артық емес толтырылуы,әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырыпсағат 09:00-ден 21:00-ге дейін саяхаттау катерлер қызметіне (өзен трамвайы) рұқсат берілсін;

29) сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) қызметіне рұқсат берілсін.

30) контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептердің; мектепалды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған жағдайда білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне санитарлық нормалар мен ережелер сақтай отырып рұқсат берілсін;

31) 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға арналған спорт кешендерінің қызметіне рұқсат берілсін;

32) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №50 қаулысындағы 4-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда) рұқсат берілсін;

33) ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат берілсін;

5. Демалыс және мереке күндері келесі шектеу шаралары ұзартылсын:

1) қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру;

2) 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу;

3) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының(бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін тоқтата тұруға;

4) Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтата тұруға;

5) СПА-орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтеркөрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр және педикюр қызметін тоқтата тұруға;

6) балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының, фитнес орталықтарының, бассейндердің, жаттығу залдарының, спорт кешендерінің, моншалардың, сауналардың қызметін тоқтата тұруға;

7) «үйге жеткізу» принципі қызметінен басқа қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне тиым салынсын;

8)саяхаттау катерлер қызметіне (өзен трамвайы) тиым салынсын.

6. Қала, аудан әкімдеріне, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге, кәсіпкерлік субьектілерге:

1) жоғарыда көрсетілген талаптарды орындауды қамтамасыз етсін;

2) жұмысы уақытша тоқтап тұрған (демалыс күндері) сауда орталықтары және сауда үйлерінде, базарларда, қоғамдық көліктерде, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдердің сауда орындарында, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және басқа да адамдар көп жиналатын орындарда ауқымды дезинфекциялық жұмыс жүргізілсін.

3) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20тамыз 2020 жылғы №49 қаулысының 1 қосымшасына сәйкес InfoKazakhstan.kz сайтынан электронды форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі немесе хабарлама негізінде объектілердің жұмысын жандандыруды қамтамасыз етсін;

4) объектілердің жұмысын қайта бастауға дайындығын бақылау жергілікті атқарушы органдарға жүктелсін.

7. Жұмыс істеп тұрған сауда объектілерінің меншік иелері міндеттелсін:

1) санитариялық және дезинфекциялық шараларды сақтай отырып, объектілердің рұқсат етілген режимде үздіксіз жұмыс істеуін; 

2) қызметкерлерде жеке қорғану құралдары болуын (медициналық маска, қолғап және т. б.);

3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен бірінші қажеттілікке жататын тауарлардың, дәрі-дәрмектер мен жеке гигиеналық құралдардың бағасының өсуін болдырмауын;

4) азық-түлік өнімдердің буып-түйілген күйінде сатылуы (нан, кондитерлік өнімдер және кептірілген жемістер) қамтамасыз етсін.

8. Теңіз аумағына бұған дейін енгізілген карантин режимі сақталсын.

9.Атырау облысы ішкі саясат басқармасы Атырау қаласының әкімдігімен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, қосымша қабылданған шаралар туралы халықты жаппай хабардар етсін.

10. Атырау облысы полиция департаменті қосымша шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында патрульдік шаралар ұйымдастырсын, жоғарыдағы талаптардың сақталмауы фактілері тіркелген жағдайда, дереу тиісті әкімшілік шараларды қабылдасын;

11. Жедел штаб шектеу шараларының орындалысына мониторинг жүргізсін;

12. Атырау облысы әкімі, қала және аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары және Атырау облысындағы арнайы органдар қамтамасыз етсін:

1) осы қаулыда бекітілген рұқсаттар мен тыйым салу шараларының орындалысын бақылауды;

2) қызметі рұқсат етілген нысандарда карантиндік шаралар мен санитарлық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды;

3) бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, құзыреті аясында тиісті әкімшілік шараларды қабылдауды.

13. Аталған қаулының орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

14. Қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.Гайнеденов

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика