Атырауда көлік қозғалысына рұқсат беру үшін арнайы сайт ашылды

Карантин кезінде бұл қызметті Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен рұқсат етілген кәсіпкерлер мен кәсіпорын басшылары жасай алады.

Жеке тұлғалар өз автомобильдерін ресімдей алмайды. Жүйе бейінді департаменттердің электрондық базаларымен және "Сергек"деректер базасымен жасақталған. Ол мемлекеттік кіріс, статистика және басқа да департаменттердің базаларымен салыстыра отырып, рұқсат беру туралы шешімді автоматты түрде қабылдайды, содан кейін оң шешім болған жағдайда, мәліметтерді полиция базаларына енгізіледі. Жоба жасақтаушыларының айтуынша, портал ашықтық пен адам факторын азайту үшін әзірленген.

Айта кету керек, кәсіпкерлердің бірнеше күн тіркеуден өтуі керек, содан кейін барлық мәліметтер базасы жаңартылады. Жедел штабқа берілген барлық өтінімдер базаға енгізілмейді. Сондықтан сайтқа бес жұмыс күн ішінде қызметтік автокөліктер мен қызметкерлердің барлық деректерін тіркеуіңіз қажет. Бес күннен кейін ескі деректер құлыпталады. Рұқсат жүйеге сәйкес беріледі, деді Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Ғалиев.

302301

Кейін, карантиндік шаралар біртіндеп жеңілдеп, рұқсат етілген іс-шаралар тізбесі кеңейгеннен кейін олардың барлығы жүйеге қосылады. Осыдан кейін аталған санаттағы кәсіпкерлер мен кәсіпорындар көлік құралдарын тіркей алады. Кәсіпкерлер мен мекеме автокөліктерін тіркеуге арналған сайт:

https://atyrau.infokazakhstan.kz/

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика