Атырауда газ цистернасы жарылып, 4 адамды күйік шалды

Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД-ның 25 қызметкері мен 4 техникасы жетті

-Бүгін таңертең Атырау қаласы, Атамбаев көшесі ЖШС «ПромГаз» аумағында газ-ауа қоспасын төгу кезінде газ ағып, сондай-ақ жарылыс орын алып, кейін «Ford» маркалы автоцистерна кабинасы жалынға оранған,- деп хабарлайды depti.kz 

Жарылыс кезінде 60-70 метр қашықтықта тұрған ғимаратқа зиян келген.

«Шақырту орнына Атырау облысы ТЖД-ның 25 қызметкері мен 4 техникасы жетті. Сағат 09-58-де өрт толықтай ауыздықталды. 4 адам күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Олар: жанар-жағар май құюшы, газовоз жүргізушісі және Атырау облысы ТЖД-ның екі қызметкері, 4-ӨСБ бөлімше командирі және өрт сөндірушісі», — деп хабарлады ТЖД-ның баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз