Атырауда елдімекендердің 80,4 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

ken-zhyloi.kz

«Ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98,9 пайызға жеткізіледі» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов. ​ ​ ​ ​

​ ​ ​ ​ ​ «Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

«Биыл аяқталатын жұмыстардың нәтижесінде 4 елді мекендегі 1​ 500 адам таза ауыз сумен қамтылады. 7 елді мекенде ауыз су тапшылығы жойылып, 12​ мың адам үздіксіз сумен қамтамасыз етіледі. Осылайша, ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98,9 пайызға жеткізіледі» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

​ Қазіргі таңда облыстағы ауылдық елді мекендердің 80,4 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылып отыр.

Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз