Атырауда «Ecodamu» әлеуметтік жобасымен айына 120 тонна қалдық сұрыпталады

Өңірде әртүрлі қалдықтарды қабылдап, оны сұрыптап, өңдеуге жіберетін «Ecodamu» әлеуметтік бағдарламасы жұмыс жасауда,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Ecodamu» жобасының негізін қалаушы Мейірбек Қуаныштың айтуынша, бұл мекеме үш жылдан бері жасап тұр.

-Қазіргі уақытта Атырау қаласы бойынша бір қабылдау пункті мен база бар. Алғашында біз айына 13-14 тонна картон жинайтынбыз, ал қазір көлемі аптасына 20-30 тоннаға ұлғайды. Мұны үш жылдағы жетістік деуге болады. Жобаны дамыту мақсатында оқушылар мен студенттер арасында түрлі іс-шара жасадық. «Жасыл мектеп» бағдарламасына сәйкес 2022 жылы жазда 400-ден астам оқушы сенбілік жасады. «Жасыл офис» жобасында компания, мекемелерге барып, презентация арқылы қай жәшікке нені тастау керектігін, олай жасаудың пайдасын түсіндіреміз,- деді М.Қуаныш.

Сондай-ақ ол мұны жасаудағы мақсат - табысты болу емес, туған жерін таза, мәдениетті қалаға айналдыру, онсыз да экологиясы тұралап тұрған батыс аймақтың табиғатын қорғау екендігімен түсіндірді. Ол үшін тұрғындардың да санасын соған бейімдеу керек. Автор бұл идеяны вахталық жұмысындағы қалашықтың тазалық сақтау үрдісінен алған.

Айта кетейік, сұрапталған қалдықтар Алматы, Шымкент қаласына жіберіледі. Әрі қарай бірнеше өңдеуден өтіп, кілем, киім, ыдыс және жіп сияқты тағы да басқа дүниелер жасалады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521