Атырауда - дирижерлер шеруі өтті

Бүгін Атырауда республикалық дирижерлер шеруі өтеді.

  ​Атырау облыстық мәдениет, архив ісі және құжаттама басқармасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отырған шеру Балықшыдағы халық шығармашылығы орталығында өткізіледі.

Оған ел көлемінен тоғыз танымал оркестрге жетекшілік етіп жүрген дирижерлер қатысады. Айта кету керек, дирижерлер шеруі  Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы Қаршыға Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрінің құрылғанына 35 жыл толуына арналады. 

​Күй өнерінің құдіретін оркестрдің үнімен және сүйемелдеуімен жеткізіп, жүректі баурап, құлақ құрышын қандыруды мақсат тұтқан рухани шарада ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан балаға мирас болған халық композиторларының шығармалары, Қазақстан композиторларының туындылары орындалады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз