Атырауда былтыр бизнеске 28 миллиард 600 миллион теңге несие берілді

Бұл 453 кәсіпкердің​ жобасы үшін берілген несие сомасы. ​ ​ ​ ​

​ ​ ​ ​ «Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. ​

​ ​ ​ ​ ​  ​ ​ «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы шеңберінде 453 кәсіпкердің жобасы 28 млрд. 600 млн. теңгеге несиеленді. Сол арқылы 670 жаңа жұмыс орны ашылады» деп атап өтті аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов. ​ ​ ​ ​ ​

​ ​ ​ ​ Атап өту керек, пандемия ушыққан кезде​ 22 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне салықтық жеңілдіктер берілді. ​ 5 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі көмек алды. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

​ ​ Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз