Атырауда азаматтар мен көлік қозғалысына шектеу қойылды

18 маусымнан бастап Атырау облысында көлік қозғалыстарына шектеу қойылды.

⠀ Облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес, Атырау қаласы бағдарларының жүру кестесі өзгерді.

Шұғыл қызмет пен стратегиялық нысан қызметкерлерін қоспағанда, тұрғындар мен көліктердің қозғалысына кешкі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін тыйым салынған.

Ал, қаладағы қоғамдық көліктердің барлығы кешеден бастап, таңғы сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін шектеулі режим шеңберінде жұмыс жасайды. ⠀

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тұрғындар арасында енгізілген шектеу шараларын сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Азаматтар мен автокөлік қозғалысы бақылауға алынған.

Шектеу шаралары орындалмаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен ірі көлемде айыппұл салынатын болады. ⠀

Айта кетейік, Атырау облысында 17 маусым сағат 23:00-ден бастап облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, шектеу шаралары күшейтілген болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз