Атырауда қатаң карантиндік шаралар қолға алынуда

«Бұл туралы Атырау облысына үкіметтік комиссияны бастап келген Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Бүгінде Атырауда коронавирус инфекциясының 336 жағдайы тәулігіне тіркеліп отыр. Бұл республика бойынша өте үлкен көрсеткіш. Қазіргі уақытта Атырау қаласы және Жылыой ауданы инфекция ошағы болып отыр.

Жедел жәрдемге шақырулар екі есеге өскен. Эпидемиологиялық ахуалды реттеу үшін, жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып, төмендегідей шешім қабылданды: Алматы - Атырау, Ақтөбе – Атырау, Маңғыстау - Атырау бағытындағы жолаушылар поезы тоқтатылады.

Кафе, мейрамхана, қоғамдық тамақтану орындары, азық-түлік емес дүкендер үйге жеткізу қызметі арқылы жұмыс істейді. Отбасылық шараларға тыйым салынады. Тәртіп бұзушыларға қатаң шаралар алынады.

Вахталық ауысымдағы жұмысшылар жұмысқа келер алдында үш күн бұрын тұрғылықты жерінде ПТР тесттен өтуі міндетті. Жұмыс берушілер аталмыш талаптың орындалуына тікелей жауап береді» деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Сонымен бірге, Атырау облысы әкімдігіне дәріханаларды бірінші қажеттіліктегі дәрілермен қамтамасыз ету, 20 шілдеге дейін инфекциялық орындардағы кереует санын 350-ге дейін ұлғайту, мобильді топтардың санын 120-ға дейін көбейту, оттегі (кислород) стансалар санын ұлғайту және медициналық кадр мәселесін шешу тапсырылды.

Сондай ақ, пандемиямен күреске жеке медицина секторы тартылады.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика