Атырауда апатты үйде тұратын 32 отбасыға жаңа баспана берілді

Қаладағы Қожақаев 1 және Достық 12 мекен-жайында орналасқан апатты үйлердің тұрғындарына қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мереке Зинуллин баспана кілтін табыс етті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Салтанатты шарада Мереке Зинуллин тұрғындарды жаңа қоныспен құттықтап, төрден құтты мейман арылмасын деп тілек етті.

- 1960 жылы салынған екі қабатты үйлер апатты деп танылды. Міне, бүгін сол меншік иелеріне қалалық бюджет қаржысына «Samal Town» кешенінен пәтер сатып алып, кілтін бергелі тұрмыз. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады,- деді М.Зинуллин.

Айта кетейік, жыл басынан бері 64 апатты үй тұрғындарына жаңа пәтер берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT