Атырауда Амал мерекесі тойланды

14 наурыз - Көрісу күніне орай Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры алаңында «Амал келді - жыл келді» атты мәдени-көпшілік шара өтті.

Концерттік бағдарлама «Көрісу» атты театрландырылған қойылыммен ашылды. Облыс әкімі Серік Шәпкенов тұрғындарды әз Наурыздың жаршысы - Көрісу күнімен құттықтады.

- Біз үшін бүгін ерекше күн! Бұл күні тек көктеммен бірге тіршілік оянып қана қоймай, қыстан аман шыққан халық ағайынның амандығын біледі. Сондай-ақ, пендешілікке салынып араздасқан жандар кешірімдесіп, татуласатын күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, өркениеті дамыған елдердің мәдениеті араласқанда өзіміздің мәдени құндылықтарымызды жоғалтып алмай, берік болуымыз керек. Көрісу - ата-бабамыздан бойымызға біткен текті дәстүр. Оны ешқашан ұмытпай, жастарға дәріптеуіміз керек. Қадірлі ағайын! Көрісу күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,-деді С.Шәпкенов.

Мерекелік шара М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театр әртістерінің өнерімен жалғасты. Олар көрісу салтын сахналап, сал-серілер өнерін ортаға салды. Жігіттер мен қыздар айтысты. Ақсақалдар ақ батасын беріп, жас келіндер қонақтарға шашу шашты.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз