Атырауда 5000-ға жуық зейнеткерге банкомат карталары табысталды

Атырауда 2000-ға жуық зейнеткер зейнетақысын үйден алуда

Бұл туралы бүгін Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Қазпошта" АҚ Атырау облыстық филиалы директоры Алтын Садықова хабарлады.

"Төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін, Атырауда 1600 зейнеткерге зейнетақысы үйіне жеткізіліп келген еді. Кейін елде қалыптасқан ахуалға байланысты, зейнетақыны пошта бөлімшелерінен тікелей алып келген 240 зейнеткерге ара қашықтықты сақтау арқылы үйге жеткізу қызметі ұсынылды.

Бұдан бөлек, дербес шот арқылы зейнетақы алып келген 5000-ға жуық зейнеткерге банкомат карталары рәсімделіп табысталды" деп нақтылады спикер Алтын Садықова.

Белгілі болғанындай, қазіргі таңда "Қазпошта" АҚ ресми сайты, мобильді қосымша көмегімен бандероль, сәлемдемелерді үйге жеткізу, газет-журналдарға жазылу қызметтерін ұсынып отыр.

Барлық сұрақтар бойынша атыраулықтар төмендегі телефон номерлері бойынша қызмет ала алады:

8 (71 22) 36 - 71 - 00

8 (71 22) 36 - 71 - 22

8 (71 22) 36 - 71 - 23

Атырау облысында Төтенше жағдай режимін қалыптастыру жөніндегі шұғыл штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз