Атырауда 46 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Нариман Биғали брифинг барысында өткен жылы құрылыс саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы жоспарлар туралы баяндады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір Атырау қаласында 46 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Оның ішінде 15 нысанда үлескерлердің қаражатын тартуға толық рұқсат бар. Сонымен қатар биыл екі нысан бойынша сот шешімі орындалып, заңсыз құрылыстар бұзылды, ал үш нысан сот шешіміне сәйкес бұзылуы тиіс. Тағы үш нысан бойынша сот процесі жүріп жатыр.

Спикердің сөзінше, басқарма облыс аумағында жүргізілетін құрылыс жұмыстарының заң талаптарына сай болуын, сапасын және қауіпсіздігін тұрақты бақылауда ұстап келеді.

- Былтыр құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау туралы мыңнан астам хабарлама қабылданды. Бұл — одан алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,7 % көп. 676 нысан пайдалануға беріліп, өсім 21,6 пайызды құрады. Сонымен қатар іздестіру қызметіне 79, жобалау қызметіне 73, құрылыс-монтаж жұмыстарына 226 лицензия берілді. 173 сарапшы аттестатталып, 7 жобаны басқару ұйымы аккредиттелді, - деді Н.Биғали.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT