Атырауда «30 қайырымды игі іс» қайырымдылық марафоны өтті

1 наурыз – «Алғыс айту» күніне орай облыс әкімі М.Досмұхамбетовтың қатысуымен «30 қайырымды игі іс» қайырымдылық марафоны өтті.

Игі бастаманы алғаш болып қолдағандардың бірі Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы, Атырау облысы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжан Мұхатаева және «Атырау инжстрой» ЖШС бас директоры Әділбек Нұрлығожиев. Атырау қалалық мәслихаты хатшысы Қаршыға Елемесұлы да 18 аз қамтылған отбасын жыл бойына азық-түлікпен қамтамасыз ететіндігін айтып, қайырымды жандар қатарынан көрінді.

e2d78ca1-78fb-4852-9fa5-86885afc202b

Игі бастаманы мемлекеттік қызметшілер де қолдады. Облыстық ішкі саясат басқармасының ұжымы бір күндік еңбекақыларына онкологиялық сырқатпен ауыратын балалар үшін облыстық балалар ауруханасына 5 дана планшет табыс етті.

9c83b5ad-d7ce-4d0e-9204-cb2ec476a2fd

Бұдан басқа, облыс аудандары кәсіпкерлері мен шаруагерлері жыл бойына ауылдық жерлердегі көп балалы, аз қамтылған отбасыларды бірінші қажеттіліктегі тауарлар және азық-түліктермен қамтамасыз етпек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT