Алдағы алтыншы қазанда АЭС құрылысына байланысты жалпыұлттық референдум өтетініне күллі ел көз тігіп отырғаны белгілі. Халық ішінде үрей мен үміт қатар жүргені де жасырын емес. Түсіндірме жұмыстары ретінде «Атырау Жарық» АҚ Жылыой аудандық бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында бас инженер Қалқаман Мұңатов сөз алып, ел болашағы дауысқа түскелі отырған жалпыұлттық референдумда оң шешім қабылдап, қапыда қол қусырып қалмауға шақырды. Бұл жиында білікті мамандар АЭС туралы нақты мәліметтермен бөлісіп, ел экономикасына әкелер пайдасы туралы сөз болды. АЭС-тің арқасында алаш баласы алға қадам басып, мемлекетіміздің әлеуеті одан әрмен артады деген сенім мол.
Ерназ Алтайұлы
АЭС: ҮРЕЙ МЕН ҮМІТ
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 195