Атырау университетінде экологиялық жобалар таныстырылды

Жарнама
Жаңалықтар

Атырау университетінде экологиялық жобалар таныстырылды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық жобаларын таныстырды. Университет қабырғасында өткен көрмеге шығармашылық арт туындылар мен жаңашыл шешімдер ұсынылды, бұл өңірдің экологиялық проблемаларын шешуге студенттердің үлесін көрсетіп отыр.

korme

Университеттіңн баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрме барысында бірнеше ерекше жоба таныстырылды. Дмитрий Ургарчев пен Азиза Жиенбаева «Күкірт қалдықтарынан күкірт бетонын жасау» жобасын ұсынса, Дильназ Досмұхамбетова мен Дмитрий Ургарчев «Биопластик жасау» туындысын көрсетті.

Біле білсек, темекі қалдықтарын да қадеге жаратып, одан тас төсеніштер жасауға әбден болады. Бұл жобаны Батырхан Қазбағаров, Диар Жолдасқали және Мұратбек Сабидолла таныстырды.
«Шыны қалдықтарын пайдалана отырып, эпоксидті шайырдан бұйымдар жасау» жобасы да көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл жұмыстың авторлары Ақмарал Сағынғалиева, Жәмила Ахмадиева, Шұғыла Аманкелді және Іңкәр Мұқанова.

kormeeee

–Шыны қалдықтарын қайта өңдеу арқылы экологиялық таза бұйымдар жасау біздің жобамыздың негізгі мақсаты. Бұл экологияға оң әсер етіп қана қоймай, шығармашылық тұрғыдан дамуға мүмкіндік береді, – деді жоба авторларының бірі Ақмарал Сағынғалиева.

Айта кету керек, көрме студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, өңірдің өзекті экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған шығармашылық әлеуетін көрсетті. Университет басшылығы мен көрме қонақтары студенттердің бұл бастамаларын жоғары бағалап, жобалардың болашақта кеңінен қолданылуына сенім білдірді.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT