Атырау облысының полицейлер қоғамдық дау тудырған қылмысты ашты

Нұралы

Атырау облысының полицейлері қоғамдық дау тудырған қылмысты ашты

6 қыркүйек күні Жылыой ауданының 1973 жылы туған тұрғыны жылқыларын іздеуге аттанып, із-түзсіз жоғалған. Аталған факті бойынша Атырау облысы полиция департаментінің (ПД) қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтау мақсатында облыс полиция департаменті мен төтенше жағдай департаменті қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер аумақты аралап, іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізілді.

Бүгін 14 қыркүйек күні полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларының нәтижесінде таңертең Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 100 шақырым жердегі Қырықмылтық кен алаңында 15-20 метр тереңдіктегі шұңқырдан жоғалған азаматтың денесін тауып, сараптама тағайындалды. Қылмысқа күдікті бұрын сотты болған 38-жастағы Жылыой ауданының тұрғыны ұсталды. ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде,тергеу барысында қылмыстың себебі анықталатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз