Атырау облысының әкімі журналистерді құттықтады

"Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов атыраулық журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар марапаттарды табыс етті" деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

Салтанатты шарада аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов журналистердің өз шығармашылығы арқылы қоғамға қызмет ететін ерекше мамандық, айрықша кәсіп иесі екендігін атап өтті. "Журналистер - жақсы мен жаманды безбендеп, көпшілікке ой тастап, халықты ізгілікке жұмылдыратын қоғамның барометрі. Жаһандық пандемия – коронавирус инфекциясына қарсы күресте де алдыңғы шептен көрініп, шынайы ақпарат жеткізуде басын қауіп пен қатерге тігіп жүргендердің бірі де өздеріңіз" деп атап өтті облыс әкімі.

Салтанатты шара одан әрі мерекелік марапаттауға ұласты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен облыстық «Атырау» газеті редакциясының жауапты хатшысы Дәурен Мұхамбеталиев, Мақат аудандық «Мақат тынысы» газетінің бас редакторы Гүлзада Салықова марапатталды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төс белгісін облыстық «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары Азамат Базарбаев, облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева, «Қазақстан РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Балауса Халелова, Жылыой аудандық «Кең Жылой» газетінің бас редакторы Сәулеш Шатенова, «Caspian News» телеарнасының директоры Қазбек Кертаев иеленді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін облыстық «Атырау» газетінің шолушысы Дәулетқали Аруев кеудесіне тақты.

Аталған министрліктің Құрмет грамотасына облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бөлім меңгерушісі Светлана Новак, «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалының техникалық-пайдалану қызметінің бейнеинженерлері Айнагүл Ильясова, Халия Сейітова, «Ақ Жайық» газетінің тілшісі Мұрат Сұлтанғалиев ие болды. Кәсіби мереке иелерінің бір тобына Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты табысталды. Алғыс хат иелерінің қатарында Мақат аудандық «Мақат тынысы» газетінің жарнама менеджері Мөлдір Ізтұрғанова, «Атырау» телеарнасының редакторы Қымбат Сәрсенова, «Атырау-Ақпарат» ЖШС «Жаңа медиа» бөлімінің басшысы Нұргүл Ысмағұлова, «Атырау» телеарнасының бас инженері Құрманғазы Құлбаев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Журналистика» кафедрасының меңгерушісі Мәншүк Мұқашева, «Caspian News» телеарнасының редакторы Алтынай Серікбай, «Ақ Жайық» газетінің тілшісі Айнұр Сапарова, «Астана» телеарнасының операторы Нұрбол Мұғалім, Төтенше жағдайлар лепартаментінің баспасөз хатшысы Айсұлу Келдіғалиева бар. Сондай ақ, бір топ журналистке Атырау облыстық мәслихатының Алғыс хаты тапсырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521