Атырау облысындағы білім беру ұйымдарына 1 мың дана интерактивті панель сатып алынды

Қазіргі уақытта заманауи панельдер Атыраудағы 7 аудан мен облыс орталығында орналасқан білім беру ордаларына таратылып жатыр. Осылайша мектептер мен колледждердегі интерактивті тақталардың саны 2 мыңға жуықтады. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов айтты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Нақтырақ айтқанда, 500 данасы Атырау қаласындағы мектептерге тиесілі болса, Индер ауданына 45-і жіберіледі. Ал Исатай мен Махамбет аудандарына 60 данадан беріледі. Құрманғазы ауданына - 57, Қызылқоғаға – 56, Жылыойға - 50, Мақатқа – 39-ы табысталады. Ал облыстық гимназия мен лицейлерде – 83-і, қалған 50-і кәсіби техникалық білім беру ұйымдарында жұмыс істемек. Нәтижесінде Индер, Махамбет ауданындағы және облыстық гимназия мен лицейлердегі интерактивті панель тапшылығы мәселесі толықтай шешілді. Жалпы интерактивті тақта білім беру процесінің қызықты әрі тартымды өтуіне мүмкіндік береді. Оның көмегімен мұғалім түрлі оқу материалын видеомен көрсетіп, 3D форматты қолдана отырып, балаларға қажетті ақпараттың жеңіл әрі түсінікті жеткізілуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ашық сабақты онлайн форматта өткізе алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT