Атырау облысындағы энергия мекемелері бойынша 2020 жылғы 25 қыркүйекке ақпарат

1. «АЖЭО» АҚ электрстанциясында 9 қазандық агрегаты, 8 турбина агрегаты жұмыс істейді (қорда - 5 қазандық, 2 турбина агрегаттары бар; 1 турбина агрегаты жөндеуде). Қолда бар электрэнергиясының қуаты 342МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 188МВт. «АЖЭО» АҚ-ның қоймасында жанармайдың қажетті қоры сақталған (5 күнге 4547тонна). Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 2111000м3.

2. Ал, «АМӨЗ» ЖШС–і ЖЭО–да 6 қазандық агрегаты, 3 турбина агрегаты жұмыс істейді (1 қазандық, 1 турбина агрегаты қорда тұр). Қол жетімді электр энергиясының қуаты 30МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 18МВт. Қоймада жанармайдың қажетті қоры сақталған (10 күнге 1270 тонна).

3. «Қашаған» электрстанциясында 5 турбина агрегаты жұмыс істейді. (2 турбина агрегаты резервте, 1 турбина агрегаты жоспарлы жөндеуде тұр). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 311,56МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 87МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 861000 м3.

4. «ТШО» электрстанциясында 7 турбина агрегаты жұмыс істейді. №6,3 және №6,4 турбина агрегаттары резервте тұр. Қолжетімді электр энергиясының қуаты 472МВт. Сұраныс бойынша генерациясы 188МВт құрайды. Көрсетілген кезеңде Атырау облысындағы энергия мекемелерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.

 

Ж.М.АЙТКАЗИЕВ,

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық Департаментінің басшысы

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика