АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Ринат Джанглишов тағайындалды», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов таныстырды.

Ринат Бауыржанұлы Джанглишов 1982 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.

2003 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітіріп, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2017 жылы Атырау мұнай-газ университетін аяқтап, «мұнай-газ ісі» мамандығын алған.

Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясында) аға тергеуші болып бастаған. 2010 жылдан құрылыс саласындағы жеке кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарып, 2018 жылдың қазан айынан бастап Атырау қалалық Мәслихатының хатшысы болды. 2019 жылдың қараша айынан бастап қазірге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, МСҚБ – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласында басшылықты және лицензиарға берілетін өкілеттіктер шегінде функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика