Атырау облысында республикалық референдумға дайындық басталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізуді тағайындады. Осыған байланысты еліміздің барлық өңірінде дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Республикалық референдумға дайындық және оны өткізу барысы жөнінде Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді.

Оның айтуынша, Атырау облысы аумағында 9 аумақтық референдум комиссиясы өз жұмысына кірісті және 22 ақпаннан бастап өңірде 276 референдум учаскесі өз жұмысын бастайды.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін барлық қажетті жағдай қарастырылған. Атап айтқанда, сайлаушыларды дауыс беру учаскелеріне жеткізу үшін инвотакси қызметі жұмыс істейді.

Референдумның заң талаптарына сай, ашық әрі әділ өтуі үшін дайындық шаралары толық көлемде жүзеге асырылуда.

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT