Атырау облысында концлагер тұтқыны 1 миллион теңге қаржы көмек алады

Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай тыл еңбеккерлеріне және соғыс зардабын тартқандар мен олардың екінші рет некеге тұрмаған жұбайларына жергілікті бюджеттен бір жолғы ақшалай көмек көрсетіледі. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов баспасөз-брифигінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

-Қазір облыста Ұлы Отан соғысының ардагерлері жоқ. Әйтсе де, ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдерімен наградталған 29 ардагерге 100 мың теңгеден бір жолғы ақшалай көмек беріледі. Ал, ай сайын 10 мың теңге жәрдемақы төленіп отыр. Сонымен қатар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерiмен және медальдерімен наградталмаған 1157 адамға 30 000 теңге біржолғы ақшалай көмек беріліп келеді. Сондай-ақ, соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар қатарында болған бір адамға миллион теңге төленеді. Оған қоса облыста ҰОС-да қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша ҰОС-ның мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы санатында 25 адам бар. Оларға да 30 000 теңге біржолғы ақшалай көмек тағайындалады – деді А.Мәмбетов.

Басқарма басшысының айтуынша, екінші дүниежүзілік соғыс еңбеккерлерінен бөлек, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарға қатысқан 1130 адамға мереке күндері 150 мың теңгеден берілмек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT