Атырау облысында елуінші мешіт ашылды

Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Дәулеткерей ауылында “Әс-сәләм” мешіті халық игілігіне берілді. Алла үйінің ашылуына Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, ауыл ақсақалдары қатысты.

«Қасиетті Құрбан айт қарсаңында Құрманғазы өңірінде тағы бір мешіттің ашылуына куә болудамыз. Алла үйінің сәнді болуы жамағатымен көрікті. Азаны бар ауыл азбайды. Мешіт игі істердің, тәрбиенің ошағы болады деп сенемін», деп атап өтті Бас имам.

Сондай-ақ, Бас имам құлшылық ордасының тұрғызылуына атсалысқан жандарға ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Мешіттің сыйымдылығы 100 адамға арналған. Имам бөлмесі, дәріс залы, намаз залы бар.
Мешітке имам болып білікті ұстаз Сабыржан Сайынұлы тағайындалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521