Атырау облысында былтыр 633 мемқызметші тәртіптік жауаптылыққа тартылған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің негізгі функцияларының біріне мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестіру жатады.

Осыған орай, Департаментпен Атырау облысындағы мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының 2019 жылғы жұмыстарына талдау жүргізілді.

Ұсынылған есептік мәліметтерге сәйкес 2019 жылдың 12 айында тәртіптік жауаптылыққа тартылған қызметшілер саны – 633 (ЖАО – 351, ОМО АБ - 282). Атырау облысындағы мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 3025, яғни оның 20,9 % тәртіптік жаза қолданылған.

Оның ішінде ескерту – 424 (ЖАО - 267, ОМО АБ – 157), сөгіс – 158 (ЖАО - 56, ОМО АБ – 102), қатаң сөгіс – 26 (ЖАО – 19, ОМО АБ – 7), қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту – 25 (ЖАО – 9, ОМО АБ – 16).

grafika

Тәртіптік жаза қолданылған қызметшілер ішінен басшы мемлекеттік лауазым атқаратын тұлғалар саны – 199, басшы емес мемлекеттік лауазым атқаратын тұлғалар саны – 434.

Оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасау фактісі бойынша – 8, қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша – 13, қызметтік тәртіпті бұзу фактісі бойынша – 75, өзге заңнама нормаларын бұзу фактісі бойынша – 537.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен 2019 жылы 135 тәртіптік іс (ЖАО – 58, ОМО АБ – 77) қаралып, 69 (ЖАО – 23, ОМО АБ – 46) лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жазаға тартылған.

Ал, 2018 жылы Атырау облысында тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер саны – 677 (2017 ж. - 762) құрады (оның ішінде ЖАО – 449 (416), ОМО АБ– 228 (346)).

2019 жылы мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалар саны – 224 (ЖАО – 144, ОМО АБ – 80), ол жалпы тағайындалған тәртіптік жазаның 35,3% құрайды.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысы туралы есептерінің және қызметтік тергеп-тексеру материалдарына жүргізілген талдау нәтижесінде, кейбір мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары» талаптарының сақталмайтындығы белгілі болды.

Аталған кемшіліктер, мемлекеттік орган басшыларының тарапынан ведомстволық бақылаудың әлсіздігінен және тәртіптік комиссия мүшелері және мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің өз міндеттері мен құқықтарын жетік білмеуінен орын алған деп пайымдауға болады. Бұндай құқық бұзушылықтар өз кезегінде, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің құқықтарына нұқсан келтіріп, тәртіптік жаза қолдану туралы уәкілетті тұлға актісінің күшін жоюға әкеліп соғады.

2019 жылы Департаментке тәртіптік жазаларға 6 шағым жасалған болатын. Аталған шағымдардың негізінде Департаментпен мемлекеттік органдарда жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының тәртіптік комиссияны құру және тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтарының, Атырау қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімі басшысының тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрығының, Мақат ауданы әкімінің тәртіптік жазаны тағайындау туралы өкімдерінің күші жойылып, 4 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды.

Гүлшат Наубаева,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы

COVID 19

covid

Күнтізбе